Freedom Inside '26

Көлік ішінен 3 мәйіт табылды: күдікті ұсталды

Көлік ішінен 3 мәйіт табылды: күдікті ұсталды
Фото: freepik

Ақтөбеде газ құю бекетінде өртенген көлікте үш мәйіт табылды. Станция иесі қамауға алынды, деп хабарлайды ult.kz.

Облыстық полиция қылмыстық іс қозғады.

Полиция мәліметінше, оқиға салдарынан әйел және екі жасөспірім қаза болған.

Бір ер адам дене күйігімен ауруханаға жеткізілді.

Бұл факті «Жарылыс қаупі бар объектілерде қауіпсіздік қағидаларын бұзу» бойынша тіркелді.

Станция иесі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Тергеу барысы полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында.