"Қазпоштаның" екі қызметкері 37 миллион теңгеден аса қаржы жымқырған

"Қазпоштаның" екі қызметкері 37 миллион теңгеден аса қаржы жымқырған

көрнекі сурет

Батыс Қазақстан облысында "Қазпошта" АҚ пошта бөлімшесінің екі қызметкері 37 миллион теңгеден аса қаржы жымқырғаны үшін сотталды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.

"ҚМА БҚО бойынша департаменті «Қазпошта» АҚ пошта бөлімшесі екі қызметкерінің ЖШС бірінің шотына өткізген ақшасын 4 жыл бойы ұрлау фактісін анықтады. Барлығы 37 миллион теңгеден астам ақша ұрланған. 

Сонымен қатар, олар 2013-2020 жылдар аралығында құжаттарды қолдан жасау арқылы зейнеткердің 1,2 млн. теңгедан астам қаражатын иемденіп алған" - делінген хабарламада.

Операторлар 7 жылға бас бостандығынан айырылған. Оларға қаржылық және мемлекеттік ұйымдарда материалдық жауапты қызметтерді атқаруға өмір бойына тыйым салынады.