Қазақстанның екі облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қазақстанның екі облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

25 қазанда Маңғыстау және Атырау облыстарында ауа райына байланысты ескерту жасалды. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлайды.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/сек жылдамдықпен соғуы ықтимал. Ақтауда жел екпіні 18 м/сек дейін жетеді.

Дауыл тұру ықтималдылығы - 90-95 пайыз.

Атырау облысының кейбір жерлерінде түнде және таңертең тұман түсіп, күндіз оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Күндіз оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні секундына 15-18 метрге дейін жетеді.

Дауыл тұру ықтималдылығы - 80-85 пайыз.

Осыған дейін алдағы тәуліктерде Қазақстанда күн жылынатыны хабарланған болатын.