Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

Қазақстанның бірнеше өңірінде жол жабылды

Қазақстанның бірнеше өңірінде жол жабылды

Қазақстанның бірнеше облысында жолдың нашар көрінуі салдарынан республикалық маңызы бар тас жолдар жабылды.

"Қазавтожол" ұлттық компаниясының мәліметінше, Алматы –Ташкент – Термез (Кенен елді мекені – Қайнар ауылы) учаскесінің 158-238 километрінде жол жабылды. Айналма жол Қордай ауылы арқылы өтеді. Алматы – Ташкент –Термез тас жолының 546-593 километрі мен Күйік асуы (594-634 километр) да уақытша жабылған.

Сонымен қатар, Қарағанды ​​облысында Екатеринбург – Алматы тас жолының бір бөлігі жабылды (Қарағандыдан Балқаш қаласына дейін 1505-1858 километр).

Айта кетейік, Алматы облысы төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, ауа райының нашарлауына байланысты Талдықорған жолы – Қапал ауылы (0-48 километр) учаскесінде көлік қозғалысы тоқтатылды.