Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

Қазақстанның бірқатар өңірінде қатты жел соғуы ықтимал

Қазақстанның бірқатар өңірінде қатты жел соғуы ықтимал

Қазақстанның бірқатар өңірінде қатты жел мен шаңды дауыл соғуы ықтимал, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

25 мамыр күні Қызылорда облысында солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғып, жылдамдығы түнде 15-20 м/с, күндіз 15-20, кей жерлерде 25 м/с-ке жетеді. 

26 мамырда Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, шаңды дауыл соғады және бұршақ жауады. Желдің бағыты батыстан солтүстікке ауысып, 15-20 м/с болады. Көкшетауда 26 мамыр күндіз батыс желінің бағыты солтүстікке ауысып, екпіні 15 м/с-ке жетеді. 

25 мамыр күні Маңғыстау облысының кей жерлерінде 39 градусқа дейін аптап ыстық болуы ықтимал. 

26 мамырда Павлодар облысында оңтүстік-батыс желі солтүстікке ауысып, екпіні 15-20, кей жерлерде 25 м/с, 27 мамыр түнде 15-20 м/с болады. Павлодарда 26 мамыр күндіз, 27 мамыр түнде оңтүстік-батыс желінің бағыты солтүстікке ауысып, екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. 

26 мамырда Солтүстік Қазақстанда түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал. Батыстан соққан желдің бағыты солтүстікке ауысып, жылдамдығы түнде 15-20 м/с, күндіз 15-20, екпіні 25 м/с болады. Петропавлда 26 мамырда батыстан соққан желдің бағыты солтүстікке ауысып, жылдамдығы 15-20, екпіні 25 м/с болуы мүмкін.