Қазақстанның бірқатар облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қазақстанның бірқатар облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

«Қазгидромет» РМК еліміздің бірқатар өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағанда, Нұр-Сұлтан қаласында 13 ақпандажаяу бұрқасын болуы ықтимал. Жолдарда көктайғақ болып, оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысып, екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Ауа райы болжамының дәлдігі 85-90%.

Ал Ақмола облысыныңбасым бөлігінде қар жауады. Кей жерлерінде тұман, бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік- шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысып, оның күші түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 15-20, кей жерлерде тіпті 25 м/с болуы ықтимал.

Қызылорда облысындатүнде және таңертеңкей жерлерде көктайғақ, бұрқасын болады. Жел оңтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ауысады, жылдамдығы кей жерлерде 15-20 м/с-ге жетеді. Ауа райы болжамының дәлдігі 95-100%.

Түркістан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с-ге жетеді.

Шымкент қаласында 13 ақпанда түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал