Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

Қазақстанның 10 өңірінде күн бұзылады

Қазақстанның 10 өңірінде күн бұзылады

Еліміздің көптеген аймақтарында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Төтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтанда​ қар аралас жаңбыр жауады, көктайғақ, тұман түсіп, боран соғады. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады, жел екпіні - 15-20 м/с, 23 м/с.

Ақмола облысының кей жерлерінде жауын-шашын болады. Тұман түсіп, көктайғақ болады, боран соғады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с, 23-28 м/с жетеді.

Ақтөбе облысында кей жерлерде жауын-шашын , көктайғақ, боран күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік батысқа ауысады. Желдің күші - 9-14 м/с. 8-9 ақпанда түнде ауа температурасы күрт төмендейді, аяз -10 -20 градус.

Атырау облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Жел екпіні - 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан облысында​ да тұман түсіп,​ көктайғақ күтіледі.

Қарағанды облысында боран, тұман, көктайғақ болады. Жел жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында жауын-шашын, көктайғақ, боран боалды. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с, 23-28 м/с жетеді.

Қызылорда облысында тұман түседі. Желдің күші - 15-20 м/с.

Павлодар облысында​ боран, тұман, көктайғақ күтіледі. Жел екпіні - 15-20 м/с, 2 3 -28 м/с.