Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру

Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру

 

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты кезекті Жолдауы елдік мәселелерге жан-жақты шолу жасап, халқымыздың әлеуметтік тұрғын жағдайын көтеруге бағытталған.

«Қазақстандықтардың әл - ауқаты, ең алдымен, табыстарының тұрақты өсімі мен тұрмыс сапасына байланысты», - деген Президентіміздің сөзінің ақиқатын халық мемлекетіміздегі өркенді өзгерістер арқылы көріп, сезіп отыр. Халықтың әлеуметтік және экономикалық жағдайы жылма - жыл жақсару үстінде, Президенттің тапсырмалары көзден таса қалмай, әрдайым қадағаланып отыр. Елбасының Жолдауында Үкіметке 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақыны 1,5 есе, яғни 28 мыңнан 42 мыңға дейін өсіруді тапсырды.
Бұл дегеніміз Елбасының Жолдауында барлық халықтың әлеуметтік тұрмыс жағдайын қамтитын сұрақтар жауабын тауып, өзекті мәселелер қолға алынды деген сөз. «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі басты басымдыққа айналуға тиіс», - деген Президентіміз, алты бөлімнен тұратын Жолдауында еліміздіңі ішкі және сыртқы саясатын жаңдандыру үшін барлық басты мәселелерді қолға алып, әрбір қазақстандықтарды мемлекетімізде болып жатқан өзгерістерге немқұрайлы қарамай, астсалыса отыруға шақырды. 
Жалпы, Елбасының халыққа арнаған Жолдауы біздің келешек күндерімізге деген шынайы сенімімізді орнықтыра түсті.