Қазақстандық боксшылардың WBC рейтингіндегі орны

Қазақстандық боксшылардың WBC рейтингіндегі орны


Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) рейтингінің жаңартылған нұсқасы ұсынылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Назарларыңызға қазақстандық боксшылардың позицияларын ұсынамыз:

Бірінші ауыр салмақта 32-орында болған Қамшыбек Коңқабаев ТОП-40-тан шығарылды.

Екінші орта салмақтағы Айдос Ербосынұлы 12-орыннан 14-орынға түсті. Әли Ахмедов те бір орынға төмен сырғып, 31-орынға орналасты. 

Орта салмақта өнер көрсететін Жәнібек Әлімханұлы үшінші орнында қалды. Мейірім Нұрсұлтанов 14-орыннан 16-орынға жылжып, ТОП-15-тен кетті.

Бірінші орта дивизионда Тұрсынбай Құлахмет 19-орынға көтеріліп, тағы бір қазақстандық Садраддин Ахмедовті 20-орынға түсірді.

Жартылай орта салмақтағы Данияр Елеусінов 22-орыннан 23-орынға сырғыған. 

Батыр Жүкембаев бірінші орта салмақтағы рейтингіде 18-орында қалды.