Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

Қазақстандық боксшы венгриялық қарсыласын нокдаунға жіберді

Қазақстандық боксшы венгриялық қарсыласын нокдаунға жіберді

Қазақстандық боксшы Дамир Тойбай Дебрецендегі (Венгрия) халықаралық Иштван Бочкаи мемориалдық турнирін айқын жеңіспен бастады, деп хабарлайды Sports.kz.

Тойбайдың 1/16 финалдағы алғашқы қарсыласы 91 келіден жоғары салмақ дәрежесіндегі жергілікті боксшы – мажарстандық Ласло Фелфолди болды. Бірінші раундта-ақ Дамир қарсыласын нокдаунға жіберді, үзілістен кейін соққыларын жалғастырды: екінші нокдауннан кейін Фелфолди бұрышы рингке сүлгі тастап, рефери жекпе-жекті тоқтатты.

Бұған дейін старттық жекпе-жекте өз салмақ дәрежесінде Айдос Арапов (52 кг) пен Ермахан Жакпеков (75 кг) жеңіске жеткен болатын.