Қарашығанақта мұнай өндіру тоқтатылады

Қарашығанақта мұнай өндіру тоқтатылады


Қарашығанақ кенішінде мұнай өндіру жоспарлы күрделі жөндеу жұмыстарына байланысты тоқтатылады. Ақпаратты Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі растады.

Баспасөз қызметі мәліметінше, жөндеу жұмыстары 12 қыркүйек пен 6 қазан аралығында жалғасады.

Батыс Қазақстан облысында орналасқан Қарашығанақ ірі мұнай-газ конденсатты кен орындарының бірі саналады. Ол 1979 жылы ашылған.