Қарағанды облысының "Абай" шахтасындағы апаттан алты адам қаза болды

Қарағанды облысының "Абай" шахтасындағы апаттан алты адам қаза болды


ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли Қарағанды облысының Абай кентіндегі шахтада 8 кеншінің метан газының құрсауында қалғанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«7 қараша сағат 09.30-да Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің кезекші-диспетчерлік қызметіне Абай қаласындағы Абай шахтасында К10 желдету штрегіне метан газы тарағаны туралы ақпарат келіп түсті. Іште шамамен 8 қызметкер қалып отыр», - деді Талғат Уәли. 

Оқиға орнына дереу құтқарушылар мен арнайы қызметкерлер мен техникалар шыққан. Мән-жайы мен себептері анықтаулда. Қарағанды облысына Төтенше жағдайлар министрі аттанды. 

«ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің тапсырмасы бойынша Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің басшылығымен комиссия оқиға орнына шықты. 

Алдын ала ақпарат бойынша шахтада барлығы 64 жұмысшы болған. 3-К10 кенжарында 8 қызметкер бар (ақпарат нақтыланып жатыр). Кенжардағы 8 қызметкердің 6-уы қаза болды, екі қызметкер жарақат алған (олардың да жағдайы нақтыланып жатыр). Қазір зардап шеккен кеншілерді шахтадан жер бетіне алып шығу жұмыстары жүріп жатыр», - деді ресми өкіл. 

«Төтенше жағдайды жоюға «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметі» республикалық орталық штабының 15 қызметкері, Төтенше жағдайлар департаментінің 3 өкілі және 2 техникасы, «Апаттық медицина орталығы» мекемесінің 3 қызметкері мен 1 техника) жұмылдырылған. ҚР ТЖМ дерегі бойынша, Абай қаласындағы бұл шахта «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-тиесілі.