Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

Қаңтар айында қазақстандықтар неше күн демалады?

Қаңтар айында қазақстандықтар неше күн демалады?


2022 жылдың қаңтар айында қазақстандықтар 13 күн демалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі.

Биылғы жылдың соңғы күні 31 желтоқсан – жұмаға сәйкес келеді және жұмыс күні болып есептеледі. 

Елімізде қаңтардың 1 мен 2-сі күндері Жаңа жылға орай ресми түрде демалыс күні саналады. Ал 2022 жылдары бұл күндер сенбі мен жексенбіге дөп келіп тұр. Демек, 3-і мен 4-і дүйсенбі мен сейсенбі де қазақстандықтар үшін демалыс болады. Өйткені, мереке күндері сенбі мен жексенбіге тура келгенде демалыс келесі күндерге созылады. 

Қазақстанда 2 діни мереке күндері демалыс деп жарияланған. Келер жылдың 7 қаңтары Рождество мерекесі жұма күніне түсіп, 7, 8, 9 қаңтар демалыс күні болады. 

Осылайша жалпы сенбі-жексенбі күндерін қосқанда, қазақстандықтарды қаңтар айында 13 демалыс күні күтіп тұр.