Freedom Inside '26

Қанат Ислам Норберто Гонсалесті ұпай санымен жеңді

Қанат Ислам Норберто Гонсалесті ұпай санымен жеңді

Бірінші орта салмақта WBO Intercontinental және WBA Fedelatin белбеулерінің иегері қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам (24-0, 19 КО) мексикалық Норберто Гонсалесті (24-9, 13 КО) ұпай санымен ұтты, деп xабарлайды "Ұлт ақпарат"

Бока-Ратонеде (АҚШ, Флорида штаты) қаласында өткен 12 раундтық жекпе-жекте Қанат Ислам қарсыласынан басым түсті. Осы жеңісінің арқасында отандасымыз бірінші орта салмақтағы WBO NABA және WBA Intercontinental титулдарын жеңіп алды. Бұл Қанаттың кәсіби бокстағы 24-ші жеңісі.

Айта кетейік, boxrec.com сайты Қанаттың мексикалық Норберто Гонсалеске қарсы жекпе-жегінің деңгейін 3 жұлдызға бағалады. boxRec порталының әлемдік рейтингінде Қанат бірінші орта салмақта 55 ұпаймен 55-орында тұрған болса, Гонсалес 59 ұпаймен 46-орында тұрған болатын. Бұл Қанаттың алғашқы 3 жұлдыз деңгейіндегі жекпе-жегі.

Осы бокс кешінде тағы бір қазақстандық боксшы Жанқош Тұраров (56 кг) мексикалық қарсыласы Густаво Гарибайды үшінші раундта нокаутпен жеңді. Бұл - Тұраровтың 21-жеңісі. Ол да барлық кездесуде жеңіске жетіп келеді.