«Алаш» әдеби сыйлығы табысталды

«Алаш» әдеби сыйлығы табысталды



Бүгін Қазақстан Жазушылар одағы ұйымдастырған Әдеби жыл қорытындысы аясында халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығы табысталды. Ұлт порталы марапатқа ие болған қаламгерлердің толық тізімін ұсынады.


1.Балалар әдебиеті:

Ділдар Мамырбаева «Бала. Робот.Вирус» атты балаларға арналған кітабы үшін; 

Пернебай Дүйсенбин «Жұмбақ жұлдыз сәулесі», «Бал дәуреннің бұлтсыз аспаны» атты 2 том шығармалар жинағы үшін.

 

2.Поэзия:

Светқали Нұржан «Жұлдыздардың жұпары» поэзиялық кітабы үшін; 

Сабыр Адай «Нәзира» поэзиялық кітабы үшін;

Қуат Қайранбаев «Көңілдің қоңырауы» поэзиялық кітабы үшін;

Бақытжан Алдияр «Ақпарақ» поэзиялық кітабы үшін;

Қазыбек Құттымұратұлы «Армантау» поэзиялық кітабы үшін;

Дәурен Қасенов «Ішке жұтқан көз жасым» поэзиялық кітабы үшін;

Ержан Алаштуған «Жалғыз аспан» поэзиялық кітабы үшін;

Биғайша Медеуова «Күнге қолын созған қалалар» поэзиялық кітабы үшін;

Айтқали Нәріков «Жойқын жылдар жаңғырығы» поэзиялық кітабы үшін;

Серік Қалиев «Жасынның оты» поэзиялық кітабы үшін.



 

3. Проза: 

Құлтөлеу Мұқаш «Салбурын» прозалық кітабы үшін;

Дидар Амантай «Борхестің кітабы» шығармалар жинағы үшін;

Тұрсынхан Зекенұлы «Аттила» тарихи романы үшін.

 

4. Драматургия:

Мадина Омарова «Көмбе нанның дәмі» кітабы үшін;

 

5. Әдебиеттану, Әдеби сын:

Болат Жүнісбеков «Абай сәулесі» зерттеу мақалалары мен эсселер кітабы үшін;

Жанұзақ Аязбеков «Бальзак неге жылады?» әдеби көркем сын кітабы үшін; 

 

6. Деректі проза:

Зейнеп Ахметова «Бабалар аманаты» кітабы үшін;

Дәулет  Сейсенұлы «Ер қазақ» атты деректі кітабы үшін.