Израильдегі діни мереке кезінде қыспақтан 10 адам көз жұмды

Израильдегі діни мереке кезінде қыспақтан 10 адам көз жұмды


Израильдің солтүстігіндегі бұқаралық діни мереке кезінде туындаған қыспақтың салдарынан 10 адам мерт болып, 100-ден аса адам зардап шекті, деп хабарлайды BBC.

Оқиға Галлиледе Мерон тауында он мыңдаған ультраортодоксальды яһуди жиналған Лаг ба-Омер мерекесін тойлау салтанаты кезінде болды. 

«Маген Давид Адом» (MDA) медициналық қызметінің ақпаратынша, оқиғадан 36 адам жеңіл, 3 адам орта деңгейдегі жарақат алған және 10 адам көз жұмған. 

Израиль медициналық қызметіне сілтеме жасаған «Франс Пресс» агенттігінің мәліметінше, оқиға кезінде 38 адам көз жұмып, 100-ден аса адам жарақат алған.

Оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеуде.