Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

Иранда химия зауыты өртенді

Иранда химия зауыты өртенді


Жексенбі күні Иранның Кум қаласындағы химия зауытында өрт шықты, деп хабарлайды Tasnim агенттігі.

Агенттік мәліметінше, тілсіз жауды ауыздықтау үшін 100-ден астам өрт сөндіруші жіберілді. Алапат жалынның таралуы тоқтатылды. Оқиға салдарынан өрт сөндіру автокөлігі бүлініп, екі өрт сөндіруші зардап шекті. Олар ауруханаға жеткізілді.

Келеңсіз жағдайға байланысты төтенше жағдай режимі жарияланды.