Головкин мен "Канелоның" гонорары белгілі болды

Головкин мен "Канелоның" гонорары белгілі болды


Танымал инсайдер әрі кәсіпқой бокстағы агент Рик Глейзер қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Канело Альварес трилогия үшін алтын кепілді гонорар көлемін айтты, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Vesti.kz порталына сілтеме жасап.

"Хирн қыруар ақша жұмсады. "Канело" - GGG айқасы Спенс - Кроуфорд жекпе-жегінен асып түседі. "Канело" - GGG үшін әлемдік табыс айтарлықтай көп болады. Сондықтан екеуі кепілді түрде 80 миллион алады, ал Спенс - Кроуфорд 30 миллион алатын шығар", - дейді ол. 

Головкин мен Альварес арасындағы үшінші жекпе-жек 17 қыркүйекте Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында өтеді.