Геннадий Головкин британиялық бокс шеберлерінің зәресін алды

Геннадий Головкин британиялық бокс шеберлерінің зәресін алды

Британиялық бокс менеджері және кәсіпкер Уильям Стори Қазақстаннан шыққан әлем чемпионы Геннадий Головкиннің жетістіктеріне деген таңданысын жасырмады, деп хабарлайды Sports.kz.

Twitter-де Стори GGG-мен бірге түскен суретін жариялап, кезінде екі әйгілі отандасының Геннадиймен жекпе-жекке шығуға жүрексінгенін айтты. 

«Геннадий Головкин – ең ұлы боксшылардың бірі. Қазақстандық нокауттар короліне тарихтағы нокауттардың ең үлкен саны тиесілі. Ол батыл, тәжірибелі және табанды, жекпе-жекке шыққан кез келген боксшыдан тайсалмайды. Карл Фроч және Крис Юбанк сияқты көптеген спортшылар одан қорықты», – деп жазды ол.