Бұрынғы ерлі-зайыптылар Қуаныш Бейсек пен Ғазиза-Таңшолпан Тілеубай әлеуметтік желіде бірге видео жариялады. Роликте Ғазиза бұрынғы күйеуінен оның жаңа «7 қарақшы» фильмі туралы шағын сұхбат алған, деп хабарлайды ult.kz.
Видеода екеуінің еркін сөйлесіп, әзілдесіп тұрғанын көруге болады. Жазылушылар олардың ажырасқаннан кейін де жақсы қарым-қатынасты сақтап қалғанына назар аударды.
Бұрынғы ерлі-зайыптылардың ортақ қызы бар. Олар жаңа видеода бір-бірінің шығармашылығын қолдап, достық қарым-қатынаста екенін көрсетті.