Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

Гамбургте коменданттық сағат жарияланды

Гамбургте коменданттық сағат жарияланды

Гамбург билігі коронавирустың өршуіне байланысты комендаттық сағат енгізу жөнінде шешім қабылдады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" NDR телерадиокомпаниясына сілтеме жасап.

Коменданттық сағат – сағат 21:00-ден 5:00 аралығында. Осы уақыт кезінде қала тұрғындарына орынды себепсіз пәтерден шығуларына болмайды. Дүкендер мен супермаркеттер 21.00-де жабылуы тиіс.

Сондай-ақ мектептерде оқушылар мен мұғалімдер колонавирусқа міндетті түрде экспресс-тест тапсыруы қажет. Ал балабақшалар айрықша режимге көшеді.

Қаулы 18 сәуірге дейін күшінде болады.

Жергілікті биліктің мәліметінше, тәулік ішінде коронавирус жұқтырғандар саны 590-ға жеткен. Бұл 5 қаңтардан бергі тәулік ішіндегі ең жоғары көрсеткіш болып отыр.