Ғабидолла Әбдірахымов қызметінен кетті

Ғабидолла Әбдірахымов қызметінен кетті

Ғабидолла Әбдірахымов Шымкент қаласының әкімі лауазымынан босатылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақордаға сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Ғабидолла Рахметоллаұлы Әбдірахымов Шымкент қаласының әкімі қызметінен босатылды», - делінген мәліметте.

Ғабидолла Рахматоллаұлы Әбдірахымов 1975 жылы 23 қаңтарда ОҚО облысы Киров ауылында дүниеге келген.

1996 жылы экономист-бухгалтер мамандығы бойынша Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін, 1999 жылы "Болашақ" бағдарламасы бойынша мемлекеттік басқару неміс жоғарғы мектебін бітірген.

Еңбек жолын 1996-1997 жылдары Қазақ мемлекеттік аграрлық университетінің ассистенті болып бастаған. 1999-2008 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің маманы, бөлім бастығы, төраға кеңесшісі, төрағасының орынбасары және төрағасы лауазымына дейін қызметтер атқарған.

2008 жылы Қазақстан Республикасы Премьер-министрі Кеңсесінің басшысы болып тағайындалды. Ал, 2013 жылдан 2015 жылға дейін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары қызметін атқарып келді. 

Айта кетейік, Ғ.Әбдірахымов Шымкент қаласын 2015-2017 жылдары аралығында, сондай-ақ 2018 жылдың маусымынан осы уақытқа дейін басқарды. 2017 жылғы қазан – 2018 жылғы маусым аралығында «Нұр Отан» партиясының хатшысы болды.

Қазақ, орыс, ағылшын және неміс тілдерін жетік меңгерген. Отбасылы. Екі баласы бар. Қазақ, орыс, ағылшын және неміс тілдерін біледі.