Есінен адасты. Боксшы миға қонымсыз әрекетімен көрермендерді дүрліктірді

Есінен адасты. Боксшы миға қонымсыз әрекетімен көрермендерді дүрліктірді


Дурбан (ОАР) қаласында өткен бокс кешіндегі WBF желісі бойынша жеңіл салмақта құрлықтың чемпион атағы үшін жекпе-жекте оқыс жағдай болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі vRINGe.com сайтына сілтеме жасап.

Фаворит болған Симисо Бутхелези (4-1, 2 КО) отандасы Сифесихле Мнтунгваны (7-1-2, 4 КО) жеңіп жатқан. Шешуші оныншы раундта андердог рингтен шығып қала жаздады. Төреші нокдаун болмады деп есептеп, Мнтунгваға рингке көтерілуге көмектесті. 

"Осы кезде ол фаворитпен түсініксіз жағдай болып жатқанын көрді - Бутхелези қарсыласымен емес, өз бетімен елестетіп алған адаммен жұдырықтаса бастады. Төреші бірден жекпе-жекті тоқтатты", - деп жазады басылым.