Еркебұлан Тоқтар інісіне көлік сыйлады

Еркебұлан Тоқтар інісіне көлік сыйлады
Фото: видеодан кадр

Актер Еркебұлан Тоқтар інісі Әділге Mercedes-Benz G-Class көлігін сыйлады, деп хабарлайды ult.kz.

Актердің айтуынша, осыдан төрт жарым ай бұрын ашылған бургер кәсібінің күнделікті жұмысын негізінен інісі жүргізіп келеді. Соған қарамастан, Әділ осы уақытқа дейін ағасынан бір рет те жалақы сұрамаған.

Еркебұлан бастапқыда көлікті сатып, қарыздарын жабуды жоспарлаған. Алайда көлікті сатуға апара жатқанда оның інісіне жарасып тұрғанын байқап, ойын өзгерткен.

Актер көлікті Әділге сыйлайтынын шешкеннен кейін көп ұзамай жаңа жобалар мен жұмыс ұсыныстары түсе бастағанын айтты. Осыдан соң ол Mercedes-Benz G-Class көлігін інісіне қалдыруды ұйғарған.