Қырғызстанның Баткен облысының Қызыл-Кия қаласында қалалық аурухананың маңында отбасылық зорлық-зомбылық фактісі болғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды ult.kz.
Оқиға куәгерлерінің айтуынша, ер адам әйелін дәріні дұрыс сатып алмағаны үшін ұра бастаған. Жанжал кейін көліктің ішінде де жалғасқан.
Куәгерлердің сөзінше, ер адам көлікке отырғаннан кейін әйелін одан әрі қатты соққыға жыққан.
Оқиғаның мән-жайы, әйелдің қазіргі жағдайы белгісіз. Бірақ құқық қорғау органдарының бұл жағдайға қатысты шара қолданатыны белгілі болды.