Энрике Иглесиас Алматыдағы концертінен кейін қазақстандықтарға алғыс айтты (ВИДЕО)

Энрике Иглесиас Алматыдағы концертінен кейін қазақстандықтарға алғыс айтты (ВИДЕО)
Informburo.kz

Әлемге танымал әнші Энрике Иглесиас Алматыдағы концертінен кейін Қазақстан халқына алғысын білдірді, деп хабарлайды ult.kz.

Әнші Instagram парақшасында Алматыда түскен видеоны жариялап, «Қазақстан, тағы да жылы қарсы алып, керемет көңіл-күй сыйлағандарыңыз үшін рақмет!» деп жазды.

Айта кетейік, Энрике Иглесиас 3 қыркүйекте Астанада және 5 қыркүйекте Алматыдағы Орталық стадионда концерт берді. Әншінің Қазақстандағы шоуы оның әлемдік туры аясында өтті.