Елордада бұқаралық шараларға шектеу қойылды

Елордада бұқаралық шараларға шектеу қойылды

Елорданың білім беру ұйымдарында бұқаралық шараларды өткізуге шектеу енгізілді. Бұл жайында қалалық білім басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Нұр-Сұлтан қалалық білім басқармасы вирустық инфекциялардың (ЖРВИ, тұмау) таралуының алдын алу мақсатында білім беру ұйымдарына 8 наурыз мерекесі аясында балалардың қатысуымен іс-шаралар өткізу кезеңінде жаппай келушілерді шектеу ұсынылды. Іс-шаралар жоспарға сай өткізіледі. Бірақ, адамдарың көптеп жиналуын болдырмау ұсынылып отыр», - делінген таратылған ақпаратта.