Елорда мен республиканың бірнеше облысында ауа райына байланысты ескерту жасалды

Елорда мен республиканың бірнеше облысында ауа райына байланысты ескерту жасалды

Республиканың бірнеше облысында ауа райынына байланысты ескерту жасалды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Қазгидромет» РМК-нің мәліметінше, 3 наурыз күні Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс бағытқа ауысып, күндіз жел екпіні 15-20 м/с дейін жетуі ықтимал.

Нұр-Сұлтанда түнде және таңертең тұман болады. Ауа райы болжамының ықтималдылығы – 85-90 пайыз.

Көкшетауда түнде және таңертең тұман сақталады. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс бағытқа ауысып, екпіні 15-20 м/с дейін жетуі ықтимал.

3 наурызда Түркістан облысының кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, таңертең және күндіз кей жерлерде күші 15-20 м/с болады.

Түркістан қаласында солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман болады. Батыстан соғатын желдің күші секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Петропавл қаласында түнде және таңертең тұман болады. Батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Қостанай облысының кейбір жерлерінде тұман түседі.