Елорда әуежайындағы жұмыс жанданды, алайда әлі де шегерілген рейстер бар

Елорда әуежайындағы жұмыс жанданды, алайда әлі де шегерілген рейстер бар

Нұрсұлтан Назарбаев әуежайы жұмысын қайта жандандырды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Нұрсұлтан Назарбаев әуежайы жұмысын жандандырды. Ұшу-қону жолағы ашық. Дегенмен, әлі де кейінге шегерілген рейстер бар. Ұшулардың жаңаруына байланысты кесте ретке келетін болады. Рейстер туралы мәліметтерді әуе компанияларының колл-орталықтарынан, әуежайдың анықтама қызметінен және әлеуметтік желілерінен нақтылап алуды өтінеміз», - деді әуежайдың баспасөз қызметі Әнуар Шалекенов.

Еске салайық, кеше Нұр-Сұлтан қаласының әуежайы қар тазалау жұмыстарын жүргізу үшін алдымен, сағат 16:30-20:00 аралығында жабылды. Кейіннен бұл мерзім сағат 00.00-ге, одан соң 03-00-ге дейін ұзартылды. Орындалуы тиіс болған бір рейс тоқтатылып, екеуі басқа айлақтарға жіберілді.