Елорда әуежайында бірқатар рейстің ұшуы кешіктірілуде

Елорда әуежайында бірқатар рейстің ұшуы кешіктірілуде

Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында бірқатар рейсі кешіктіріліп жатыр, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Атап айтқанда, әуежайдың ресми сайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес, Qazaq Air-дің Өскемен, Алматы және Шымкентке, SCAT-тың Алматы мен Шымкентке ұшатын ұшақтары кешіктіріліп жатыр.

Ал елорда әуе жайына ұшып келетін 4 рейс кешіктірілген. Олар: Air Astana-ның Ақтөбеден, Qazaq Air-дің Петропавл мен Өскеменнен, SCAT-тың Пхукеттен келетін ұшақтар.

Әуежайдың анықтама қызметі рейстердің кешіктірілуін өзге қалалардан әуе кемелерінің кеш ұшып келуімен түсіндіреді.