Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

Еліміздің төрт өңірінде күн бұзылады

Еліміздің төрт өңірінде күн бұзылады

Ауа райының бұзылуына байланысты бірқатар өңірде ескерту жарияланды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

7 желтоқсанда Қызылорда облысында оңтүстік-батыстан соққан жел күшейіп, екпіні кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

Осы күні Солтүстік Қазақстан облысының орталығы Петропавл қаласында бұрқасын көтеріліп, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады. Жел жылдамдығы секундына 15-20, 23-28 метрге дейін күшейеді.

7 желтоқсанда Қостанай облысында оңтүстік-батыстан соққан желдің күші - 15-20, екпіні 23 м/с болады. Кей жерлерде бұрқасын және көктайғақ күтіледі.

Осы күні Қостанай қаласында оңтүстік-батыстан жел соғады. Жел қарқыны - 15-20 м/с. Түнде бұрқасын көтеріледі.

7 желтоқсанда Ақтөбе облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болады. Тұман түсіп, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады. Кей жерлерде жел екпіні секундына 15-20, түнде 23 метрге дейін жетеді.

Осы күні Ақтөбе қаласында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан секундына 16 метр жылдамдықпен жел соғады.