Freedom Inside '26

Еліміздің онкологиялық орталықтарында Ашық есік күні барысында обырдың 30 жағдайы анықталды

Еліміздің онкологиялық орталықтарында Ашық есік күні барысында обырдың 30 жағдайы анықталды
ҚР ДСМ

Республиканың барлық онкологиялық орталықтарында онкоурологиялық аурулардың алдын алу және оларды ерте анықтауға арналған Бірыңғай ашық есік күні өтті, деп хабарлайды ult.kz. 

Уақтылы диагностиканың арқасында акцияға қатысушылардың арасында 30 қатерлі ісік жағдайы (оның ішінде онкологиялық ауруға күдікті жағдайлар), 43 обырға дейінгі жағдай және әрі қарай бақылауды, қосымша тексеруді немесе емдеуді қажет ететін 287 өзге ауру анықталды. 

Бұл күні еліміздің тұрғындары онкоурологтар мен бейінді мамандардың тегін консультациясын алып, профилактикалық тексерулерден және қажетті диагностикалық зерттеулерден өтті. 

Акцияның қорытындысы бойынша 579 адам мамандардың консультациясын алды. Жалпы 386 диагностикалық зерттеу жүргізілді, оның ішінде 14 төмен дозалы компьютерлік томография (ТДКТ) жасалды. 

Акция халықтың қауіп факторлары, алдын алу шаралары және уақтылы диагностиканың маңыздылығы туралы хабардарлығын арттыруға бағытталған республикалық ақпараттық науқан шеңберінде ұйымдастырылды. 

Бірыңғай ашық есік күні профилактикалық тексерулердің жоғары тиімділігін тағы бір мәрте дәлелдеді.