Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

Еліміздің бірқатар облысында жолдар әлі жабық

Еліміздің бірқатар облысында жолдар әлі жабық

Еліміздің бірқатар облыстарында жолдар жабық, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Таңғы 8:30 уақытындағы мәліметтер бойынша мына жолдар жабылды:

Ақмола облысы

25.12. 09:30-дан бастап күннің бұзылуына байланысты «Нұр-Сұлтан-Ерейментау-Шідерті» бағытындағы тасжол жабылды (16-200 км, Нұр-сұлтан қаласы – Павлодар облысының шекарасы).

Шығыс Қазақстан облысы

25.12. 12:50-те қатты боран болып, жол көрінбей қалғандықтан «Өскемен-Шемонайха-РФ шекарасы» тасжолы (105-123 км, Шемонайха қаласынан РФ шекарасына дейін) жабылды.

Павлодар облысы

25.12. 09:30-дан бастап күннің бұзылуына байланысты «Нұр-Сұлтан-Ерейментау-Шідерті» бағытындағы тасжол жабылды (200-242 км,Ақмола облысы – Шідерті ауылы).

25.12. 1.00-ден бастап «Қызылорда-Павлодар» (1206-1135 км, Шідерті ауылы – Қарағанды облысы шекарасы) тасжолы көліктің барлық түрі үшін жабық.