Елімізде пара алу туралы хабарлаған адамға сол параның 10 пайызы беріледі

Елімізде пара алу туралы хабарлаған адамға сол параның 10 пайызы беріледі

Елімізде пара алмақ болған жағдай туралы хабарлаған адамға параның 10%-ы беріледі. Бұл туралы Finprom.kz хабарлады.

Сауалнамаға сәйкес, қазақстандықтардың 31%-ы ешқашан сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен бірге жұмыс істеп көрмеген. Қазақстандықтардың сыбайлас жемқорлықпен белсенді күрескені үшін алатын ең көп сомасы – 10,6 миллион теңге. 

2020 жылғы қаңтар-ақпан айларында сыбайлас жемқорлыққа қатысты 1255 қылмыстық іс қаралды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,1% аз көрсеткіш. Оның ішінде ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар – 885, орташа сыбайлас жемқорлық қалмыстар – 207. 

ҚР Ұлттық экономика министрлігінің жанындағы Статистика комитетінің 2019 жылы жүргізген статистикасы бойынша, қазақстандықтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке деген сенімі 16,1%-дан 25,1%-ға дейін артқан. Бұл қызмет түріне толық сенбейтіндердің қатары 4,1%-дан 1,6%-ға қысқарған. 

Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қолдауымен 2019 жылдың 24 желтоқсанынан 2020 жылдың 2 қаңтарына дейін елдегі сыбайлас жемқорлықты қабылдау деңгейінің және азаматтардың ар-ұят әлеуетін зерттеу жұмыстары жүргізілген. 

Қазақстан бойынша 18 жастан асқан 58 мыңнан астам адам сауалнамаға қатысқан. Респонденттердің 30,8%-ы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларға ерікті ретінде қатысуға дайын екенін білдірсе, 63%-ы сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларға жалпы қатысуға дайын екенін білдірген.