Елімізде қанша адам екпе алды?

Елімізде қанша адам екпе алды?


Коронавирус инфекциясына қарсы вакцина салдыруға қатысты соңғы мәліметтер жарияланды, деп хабарлайды Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram парақшасы.

7 желтоқсандағы мәлімет бойынша, Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-ші компонентін 8 808 125 адам, 2-ші компонентін 8 223 795 адам салдырған.

Ал жасөспірімдер, жүкті әйел және бала емізетін аналарды вакцинациялау бойынша ақпаратқа сәйкес, Pfizer вакцинасының I-ші дозасын 148 843 адам, ІІ-ші дозасын 2 787 адам салдырды. 

Оның ішінде: І-ші компонент салдырған жасөспірімдер – 119 258, жүкті әйелдер – 8 706, бала емізетін әйелдер – 20 879. 

ІІ-ші компанентін салдырған жасөспірімдер – 1 910, жүкті әйелдер – 245, бала емізетін әйелдер – 632.