Екі телефон ұрлаған күдікті дактилоскопиялық база арқылы анықталды

Екі телефон ұрлаған күдікті дактилоскопиялық база арқылы анықталды
Фото: freepik

Шемонаихада полиция ашық қалған көліктен екі телефон ұрлаған күдіктіні саусақ ізі арқылы анықтады, деп хабарлайды ult.kz.

Volkswagen Vento көлігін үйінің жанына құлыптамай қалдырған тұрғынның салонынан құны 120 мың теңге болатын екі ұялы телефон ұрланған. Оқиға орнын тексеру кезінде мамандар саусақ іздерін тапқан.

Іздер «Папилон» дактилоскопиялық базасы арқылы тексеріліп, 42 жастағы жергілікті тұрғынға тиесілі екені анықталды. Күдікті ұсталып, ұрлық жасағанын мойындады. Ол телефондарды өз еркімен тапсырған, ұрланған мүлік иесіне қайтарылды.

Полиция көлікті ашық қалдырмауға және ішінде бағалы заттарды сақтамауға шақырды.