, деп хабарлайды ult.kz.
Кадрларда ер адамның әйелге күш көрсеткені көрінеді. Сол сәтте басқа азамат жанжалға араша түскен.
Алматы қаласының полиция департаментінің мәліметінше, аталған дерек бойынша Әуезов аудандық полиция басқармасы тексеру жүргізіп жатыр. Әйелдің жеке басы анықталған. Алайда ол бұған дейін полицияға арызбен жүгінбеген.
Қазір бейнежазбада көрсетілген ер адамның жүрген жері анықталып жатыр. Оның әрекетіне құқықтық баға беріліп, заңда белгіленген тәртіппен жауапкершілікке тарту мәселесі шешіледі.