Доллар бағамы арзандады

Доллар бағамы арзандады



Доллардың теңгеге қатысты бағамы арзандады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 1,39 теңгеге төмендеді. Бір АҚШ долларының орташа бағамы - 505, 22 теңге. 

Ұлттық банктің 18 наурыздағы ресми бағамы – 1 долларға 506, 14 теңге. 

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктілерінде доллардың сату бағамы – 508 теңге, сатып алу – 513 теңге.

Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы – 509,85 теңгеден болса, сатып алу құны – 513 теңге.