Димаш алдағы үш айда Еуропаның 11 қаласында жеке концерт береді

Димаш алдағы үш айда Еуропаның 11 қаласында жеке концерт береді

Димаш Құдайберген алдағы үш айдағы Еуропа елдерінде өтетін концерттерінің тізімін жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Arnau tour концерттерінде көріскенше», - деп жазды әнші instagram парақшасында.

Белгілі болғандай, Димаш 16 ақпанда Краснодарда (Ресей), 20 ақпанда Қазанда (Татарстан, Ресей), 23 ақпанда Екатеринбургта (Ресей), 7 наурызда Ригада (Латвия), 9 наурызда Мәскеуде (Ресей), 11 наурызда Киевте (Украина), 19 наурызда Гамбургте (Германия), 21 наурызда Дюсселдорфта (Германия), 23 наурызда Штутгардта (Германия), 25 наурызда Прагада (Чехия), 4 сәуірде Минскте (Беларусь) жеке концертін өткізбек.

Айта кетсек, бұған дейін әншінің Токиодағы джаз фестивалінде өнер көрсететіні хабарланған еді.