Тележүргізуші әрі әнші Аша Матайды (Ақбота Асқарбекова) Ұлттық құрылтай мүшелігіне кандидат ретінде ұсынылды, деп хабарлайды ult.kz.
Ол партияның саяси мақсаттары өзіне жақын екенін айтып, партияның Алматы қалалық филиалы атқарған жұмыстар туралы баяндады.
Алайда Ұлттық құрылтайдағы қызмет заң шығару саласындағы белсенді жұмысты талап етеді. Осыған байланысты журналистер кулуарда тележүргізушіден талқыланып жатқан немесе әзірленіп жатқан заң жобаларының кем дегенде біреуін оқыған-оқымағанын сұрады.
"Негізі мені шақырып жатыр. Қазір тездетіп барып келейін, кейін оралармыз. Барлық заңды оқыдым", - деп қысқа қайырды депутаттыққа үміткер Аша Матай.
Жауап бермес бұрын ойланып қалған Аша Матайдың дәл сол сәтте сөз сөйлеу кезегі келіп, ол сахна сыртындағы декорациялардың ар жағына өтіп кетті.