Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

Данияр Юлдашев Олимпиада ойындарында алғашқы ұпайын алды

Данияр Юлдашев Олимпиада ойындарында алғашқы ұпайын алды


Токио Олимпиадасында каратеден соңғы жарыс күні өтіп жатыр, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Бүгін Қазақстан сапынан екі спортшы сынға түсуде. Олар – Софья Берульцева мен Данияр Юлдашев. 

Юлдашев Йонатан Хорне (Германия), Рютаро Арага (Жапония), Угур Ақташ (Түркия) және Гогита Арканиямен (Грузия) бірге В тобында сынға түсіп жатыр. 

Алғашқы кезеңде Данияр Юлдашев германия Йонатан Хорнемен кездесіп, 4:4 есебімен тең түсті. Осылайша, алғашқы бір ұпайын еншіледі. 

Юлдашев келесіде жапониялық каратэшімен кездеседі.