Бүгінгі валюта бағамы: доллар, еуро және рубль қанша теңге тұрады?

Бүгінгі валюта бағамы: доллар, еуро және рубль қанша теңге тұрады?
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

Қазақстан Ұлттық банкінің 2026 жылғы 9 қарашаға белгілеген ресми бағамы бойынша АҚШ доллары – 447,14 теңге, еуро – 499,54 теңге, Ресей рублі – 5,46 теңге, деп хабарлайды ult.kz.

Сағат 17:00-де жаңартылған биржалық мәлімет бойынша доллар бағамы 448,98 теңгені құрады. Америкалық валюта алдыңғы сауда көрсеткішімен салыстырғанда 1,76 теңгеге қымбаттаған. 

Еуроның биржадағы бағамы 500,18 теңге болды. Бұл алдыңғы көрсеткіштен 6,85 теңгеге төмен. Ал Ресей рублі 5,46 теңге, Қытай юані 67,05 теңге деңгейінде саудаланды. 

Алматыдағы ақша айырбастау орындарында долларды сатып алудың орташа бағамы 448,70 теңге, сату бағамы 451,10 теңге болды. Еуроны орта есеппен 501,50 теңгеден сатып алып, 505,50 теңгеден сатып жатыр. 

Өзге валюталардың ресми бағамына келсек, Ұлыбритания фунты – 598,90 теңге, Швейцария франкі – 546,76 теңге, Түркия лирасы – 8,92 теңге, Қырғызстан сомы – 5,11 теңге. Банктер мен айырбастау орындарындағы сатып алу және сату бағалары ресми бағамнан өзгеше болуы мүмкін.