Бүгін, 8 қарашада Ұлттық банк белгілеген ресми бағам бойынша АҚШ доллары – 447,14 теңге, еуро – 499,54 теңге, Ресей рублі – 5,46 теңге. Қытай юанінің бағамы 67,03 теңге болды, деп хабарлайды ult.kz.
Астанада ақша айырбастау орындары долларды 446 теңгеден сатып алып, 453 теңгеден сатып жатыр. Еуроны сатып алу бағасы – 499 теңге, сату бағасы – 509 теңге. Рубльді 5,15 теңгеден қабылдап, 5,35 теңгеден ұсынады.
Алматыда доллардың сатып алу бағамы – 449,5 теңге, сату бағамы – 451 теңге. Еуро 500 теңгеден сатып алынып, 503,5 теңгеден сатылып жатыр. Ресей рублінің сатып алу бағасы – 5,2 теңге, сату бағасы – 5,3 теңге.
Шымкентте долларды 449 теңгеден сатып алып, 450 теңгеден сатып жатыр. Еуроны сатып алу бағамы – 501 теңге, сату бағамы – 505 теңге. Рубльді 5,2 теңгеден қабылдап, 5,25 теңгеден сатады.
Ақша айырбастау орындарындағы бағамдар бүгін сағат 11:47-де жарияланған мәліметтерге негізделген. Осы деректер бойынша үш мегаполисте доллардың сату бағасы 450–453 теңге аралығында болды. Валюта бағамы күн ішінде өзгеруі мүмкін.