Бүгін Құрылтай депутаттарын сайлау күні бірқатар өңірде тұрғындар мен қала қонақтары қоғамдық көлікті тегін пайдалана алады, деп хабарлайды ult.kz.
Алматыда автобустар, троллейбус пен метро арқылы жүру ақысы алынбайды. Бұл мүмкіндік азаматтардың сайлау учаскелеріне кедергісіз жетуіне жағдай жасау мақсатында енгізілген.
Астанада да қоғамдық көлік тегін қатынайды. Тегін жол жүру қалалық, экспресс және қала маңындағы автобус бағыттарына, сондай-ақ Tarlan Astana LRT желісіне қатысты.
Маңғыстау облысында да сайлау күні қалалық және ауылішілік барлық бағытта қоғамдық көлікпен жүру тегін.
Бұл шара сайлаушылардың дауыс беру учаскелеріне еркін әрі қолайлы жетуіне мүмкіндік беруді көздейді.