Бүгін Алматының қай көшелерінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі?

Бүгін Алматының қай көшелерінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі?

Алматы көшелерінде жол жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Алматы қалалық әкімдігінің мәліметінше, жөндеу жұмыстары барлық ауданда жүргізіледі. 

Алатау ауданы: Райымбек даңғылы, Ертарғын, Орбұлақ, Сәдуақасов, Әуезов көшелері мен «Өжет» ықшамауданы. 

Жетісу ауданы: «Айнабұлақ» ықшамауданы, Ратушный көшесі, Серіков көшесі Қазыбаевтан Ангарскаяға дейін.

Әуезов ауданы: Науаи, Төле би, Саин көшелері мен «Алтын Бесік» ықшамауданы 

Наурызбай ауданы: Райымбек даңғылы мен Әшімов, Жоспарлау, Жандосов көшелері

Алмалы ауданы: Радостовец, Клочков, Кәрімов,Түркебаев, Чайковский, Мәулен көшелері. 

Медеу ауданы: Инженерная, Игишев көшелері мен «Самал» ықшамауданы. 

Түрксіб ауданы: Бартольд, Шацкий, Тренев, Некрасов, Клара Цеткин, Земнухов, Сортировочная көшелері жөнделеді.

Бостандық ауданы: Березовский, Тәжібаев, Құсайынов, Си Синхай, Радостовец, Штраус, Т. Бокин көшелері.

Күнделікті жөндеу жұмысына 400-ден астам жұмысшы мен 155 арнайы техника жұмылдырылады. Алматының 256 көшесіне жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған.

Жалпы, Алматы қаласында көше-жол желісінің ұзындығы 3 096,8 шақырым, көше саны - 2 746. Оның ішінде магистральды маңызы бар көше саны - 385, олардың ұзындығы - 1 150 шақырым. Жергілікті маңызы бар көше саны - 2361, олардың ұзындығы - 1 946,8 шақырым.