Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

Британдық бизнесмен үш елде 11 адамға коронавирус жұқтырған

Британдық бизнесмен үш елде 11 адамға коронавирус жұқтырған

Ұлыбританияда үш елге барып, 11 адамға коронавирус жұқтырған адам анықталды. Ол - британдық бизнесмен Стив Волш. Бұл туралы Sky News сайты хабарлайды.

53 жастағы ер адамға 6 ақпанда коронавирус диагнозы қойылды. Ол Сингапурда болған конференцияға қатысқан. Осыдан кейін Волш Францияда Альпіге тау шаңғысы демалысына кеткен, содан кейін Ұлыбританияға оралған.

Ол вирусты 11 британдыққа жұқтырды деген болжам бар: төртеуі - Ұлыбританияда, бесеуі - Францияда және біреуі - Майоркте.

Ер адам Ұлыбританияның денсаулық сақтау органдарына коронавирус жұқтыру ықтималдығы туралы ескерткен. Кейіннен оның нәтижесі расталды.

Волш қазіргі уақытта Сент Томас британдық ауруханасында карантинде жатыр. Оның отбасын да оқшаулау сұралды.