Бас прокуратураның мәліметінше, ол 2025 жылдың қаңтарында желілер мен мессенджерлердегі ауқымды аудиторияны пайдалана отырып, ақылы негізде заңсыз интернет-казиноны жарнамалады деген күдікке ілінген. Интернет-казиноны насихаттағаны үшін күдіктінің криптовалюталық әмиянына 200 мың АҚШ доллары түскен.
Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторында күзетпен қамауға алынды.
Оған тағылып отырған айып бойынша, мүлкi тәркiленiп, жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындау көзделген.