Блогер Айым Сейтметова күйеуімен ажырасқанын айтты

Блогер Айым Сейтметова күйеуімен ажырасқанын айтты
Фото: Instagram/ aiymsm

Блогер Айым Сейтметова әлеуметтік желідегі парақшасында жұбайы Талғатпен ажырасып кеткенін мәлімдеді. Ол бұл жаңалықты жұртшылыққа өзі жеткізуді жөн көргенін айтты, деп хабарлайды ult.kz.

Айымның сөзінше, олардың отбасылық өмірі бірнеше жыл бойы көпшіліктің назарында болған. Сондықтан ажырасқаны туралы ақпаратты түрлі әңгіме арқылы емес, өзінің ашық айтқанын дұрыс санаған.

«Бұл жазбаны жариялау керек пе, жоқ па деп ұзақ ойландым. Бірақ көптеген жылдар бойы өміріміздің едәуір бөлігі көпшілікке жария болды. Сондықтан бұл туралы өзім айтқаным дұрыс деп шештім. Біз Талғат екеуміз ажырасып кеттік», – деді ол.

Блогер бұрынғы некесін тек жағымсыз естеліктермен байланыстырмайтынын атап өтті. Оның айтуынша, бірге өткізген жылдары қуанышты сәттер де аз болмаған. Ерлі-зайыптылардың ортақ қызы бар.

«Бұл сөздердің артында бірге өткізген өміріміздің үлкен бір кезеңі тұр. Ол кезеңде жақсы сәттер көп болды, отбасы құрдық. Ең бастысы – бізді мәңгі байланыстыратын қызымыз бар», – деді Айым.

Ол некені жалғастыруға мүмкіндік бермеген белгілі бір жағдайлар болғанын да жасырмады. Алайда олардың нақты не екенін көпшілікке жариялағысы келмейді.

«Белгілі бір уақытта арамызда мен үшін осы некені әрі қарай жалғастыруды мүмкін етпейтін жағдайлар болды. Оның егжей-тегжейін айтқым келмейді. Кейбір нәрселер екі ересек адамның арасында қалғаны дұрыс», – деп түсіндірді блогер.

Айым ажырасқаннан кейін де Талғатпен өзара сыйластықты сақтап қалу маңызды екенін айтты. Себебі олар енді ерлі-зайыпты болмаса да, ортақ қыздарының ата-анасы болып қала береді.

Блогер қызының ата-анасының екеуінің де махаббатын сезініп өскенін қалайтынын жеткізді.

«Біз Талғат екеуміз ерлі-зайыпты болудан қалдық, бірақ мәңгілікке қызымыздың анасы мен әкесі болып қаламыз. Мен оның ата-анасының екеуінің де махаббатын сезініп өскенін қалаймын», – деді ол.

Сондай-ақ Айым ажырасуға байланысты түрлі қауесет пен болжамның тарамағанын сұрады. Ол оқырмандарынан бұл жағдайға байланысты екі тарапты да кінәламауды өтінді.