Блогер Айтуғанның бұрынғы әйелі Ильнура олардың отбасылық өміріне қатысты бұрын айтылмаған жайттарды баяндады, деп хабарлайды ult.kz.
Ильнура бұл туралы NTK Show бағдарламасына берген сұхбатында айтты. Оның сөзінше, Айтуғанның Еркешокамен кездесіп жүргенін және оны екінші әйелі еткісі келетінін білген кезде ерлі-зайыпты арасында жанжал болған.
Ильнураның айтуынша, ол көп әйел алуға қарсы болған. Осыдан кейін күйеуі оған қол көтеріп, соның салдарынан әйелдің тістері сынған.
Оның сөзінше, келесі күні Айтуған емделуге қажетті ақшаны жіберіп, Қытайға ұшып кеткен. Ал Ильнура кіші қызын алып, тістерін қалпына келтіру үшін Ташкентке барған.