Биыл елімізде 70 мың педагог біліктілікті арттыру курстарынан өтеді

Биыл елімізде 70 мың педагог біліктілікті арттыру курстарынан өтеді


Биыл 70 мың педагог біліктілікті арттыру курстарынан өтеді. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым бірінші вице-министрі Шолпан Каринова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Биыл кемінде 70 мың педагог жаңа білім беру бағдарламалары бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтеді. Сондай-ақ Маңғыстау, Атырау, Алматы және Түркістан облыстарында мектеп оқушыларының білім сапасын арттыру мақсатында осы өңірлерге педагогтерді тарту үшін арнайы бағдарлама іске асырылады», - деді - деді ол министрліктің кеңейтілген алқа отырысында. 

Бірінші вице-министрдің атап өтуінше, оларға айтарлықтай әлеуметтік қолдау көрсетіледі. Яғни, жоғары жалақы коэффициенті, баспана жалдау және коммуналдық төлемдер шығындарын өтеу қолға алынады. 

«Бұл іс-шаралар аталған аймақтарда білім беру сапасы бойынша үлкен алшақтықты азайтуға бағытталған», - деді Шолпан Каринова.